| | |
|
| << |
Қыркүйек ’ |
|
| Пн |
Вт |
Ср |
Чт |
Пт |
Сб |
Вс |
| | | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | | | |
| | | | |
|
|
Главная |
|
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӨРЕЛІК СОТ ЖӘНЕ АРАЛЫҚ СОТ |
Нарықтық экономика кезінде халықаралық шарт жасау барысында серіктестіктердің жауапкершілігі арта түседі. Бұл жағдайда тараптар, шарт жағдайын, тараптардың құқықтарын және міндеттерін, онымен қатар мүмкін болатын дауларды реттеп отыру тәртібін анықтайды, бұл олардың арасында келіспеушілік туындаған жағдайда заңды белгісіздікті жоюға мүмкіндік тудырады.Бизнес субъектілері немесе оларды біріктіретін ұйымдардан туындайтын кәсіпкерлер арасындағы дауды төрелік сотқа беру практикасы кең түрде таралған.Әлемдік практикада мынадай Сауда-өнеркәсіп палаталарының жандарында соттар жұмыс істейді: Халықаралық сауда палатасы жанындағы Халықаралық төрелік сот, Стокгольм Сауда палатасының Төрелік институты, Ресей Федерациясының Сауда-өнеркәсіп палатасы жанындағы Халықаралық коммерциялық төрелік сот. Қазақстанда тұрақты түрде жұмыс істейтін осындай органның бірі – ол Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасы жанындағы Халықаралық төрелік сот (Аралық сот), ол ҚР СӨП Одағы жанындағы Төрелік комиссияның міндеттерін құқықты иеленуші, сыртқы сауданы және халықаралық экономикалық байланыстардың басқа да түрлерін жүзеге асыру барысында туындайтын дауларды және келіспеушіліктерді шешеді. Қазақстан Республикасында 2004 жылғы желтоқсанда қабылданған «Аралық соттар туралы», «Халықаралық коммерциялық арбитраж туралы», сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арбитраждардың аралық соттарындағы қызмет мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Заңдарына байланысты, Қазақстандағы Аралық (Төрелік) соттардың құқықтық мәртебелері регламенттелген. Аралық сотқа, екі жақтың келісімі бойынша, заңды және/немесе жеке тұлғалар арасында туындайтын келісімдік қатынастардан пайда болатын даулар берілуі мүмкін. Аралық (Төрелік) соттың ортақ заң құзіретіндегі соттың алдында бірқатар артықшылықтары бар, ол мыналар : · Дауларды шешудің жеңілдетілген тәртібі· Үрдістің жылдамдығы және тиімділігі· Дауды алалықсыз және әділ шешу· Төрелік (аралық) соттың ақырғы шешімі · Төрелік (аралық) жиын төлемінің икемді жүйесі · Тараптар өздігінен арбитрді (аралық сотты) таңдайды· Төрелік (аралық) тексеруді құпиялықпен қамтамасыз ету· Дауды шешу үшін оларға ыңғайлы жерді және уақытты таңдау мүмкіндігіҚазақстандағы Аралық (Төрелік) соттардың шешімдерін орындауға республикалық, халықаралық төрелік соттармен мойындалған және олардың шешімдерін орындайтын халықаралық конвенцияларға және шарттарға қатысуы, әсерін тигізеді. Олардың қатарына төмендегілер жатады: «Шетелдік төрелік шешімдерді мойындау және орындау» туралы 1958 жылғы Нью-Йоркттегі конвенция, «Сыртқы сауда арбитражы туралы» 1961 жылғы Еуропалық конвенция және басқада мемлекетаралық ТМД елдері –қатысушыларының келісімі. Халықаралық төрелік соттың (Аралық сот) қызметі Регламентке (.doc, 124 кб), Төрелік (аралық) өндіріп алу шығындарына және осы соттың басқада құжаттары туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.Халықаралық төрелік сот отандық, халықаралық құқықтың нормалары бойынша, сонымен қатар азаматтық-құқықтық келісім-шарттардан пайда болған, қалай Қазақстан Республикасының резиденті ретінде болса, солай осыған ұқсас дауларда республиканың резиденттері емес жағдайында, қандайда болмасын мемлекеттің құқығы бойынша дауларды қарастырады. Даулар Халықаралық төрелік сотта (Аралық сотта) төрелік немесе аралық түсіндірменің бар болуына сәйкес қарастырылады. Ұсынылатын төрелік түсіндерме: «Осы Шарт бойынша барлық дауларды және келіспеушіліктерді, оның Регламентіне сәйкес, ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы жанындағы Халықаралық төрелік сот шешеді. Тараптар шығарылған шешімді өз еркімен орындауға міндетті. Кінәлі тарап шешімді орындамаған жағдайда, онда тараптар осы Шартты бұзды деп қабылданады». Егерде шарт жасасу кезінде, қандайда болмасын бір себептермен сәйкес келетін арбитраждық түсініктемелер шартқа енгізілмесе, онда мынадай мазмұнда ҚР СӨП жанындағы Халықаралық төрелік сотқа дауды шешу үшін беру туралы келісім жасалуы мүмкін: ҚР СӨП жанындағы Халықаралық төрелік сотқадауды шешуге беру туралы Келісім Алматы қ. «___»________200_ж.Кәсіпорын ___________________________тұлғасында ________________________________ және_____________________________________тұлғасында ________________________________ Осы келісім төмендегілер туралы жасалды: 1. Шарт (келісім шарт) бойынша барлық туындаған____________ №____ даулар ҚР СӨП жанындағы Халықаралық төрелік сотта, оның Регламентіне сәйкес соңғы рұқсат беруіне жатады.Тараптар шығарылған шешімді өз еркімен орындауға міндеттеме алады. Кінәлі тараппен шешімді орындамау, тараптармен осы Шарт жағдайын бұзу ретінде мойындалады.2. Тараптардың мекенжайлары және реквизиттері. Халықаралық төрелік соттың құрамына жетекші заңгерлер, ғылыми дәрежелері және атақтары, көпжылғы жұмыс тәжірибелері бар азаматтық заңнама саласындағы кәсіпқой мамандар кіреді. Қызмет барысында он шақты шаруашылық даулар, Ресей, Украина, Өзбекстан, Корея, Канада, Ұлыбритания және т.б. мемлекеттер ұйымдарымен, кәсіпорындарымен дауларды қосқанда, қарастырылды. Төрелік жинақ мөлшері, АҚШ долларымен: | Талап бағасы | Төрелік (аралық) жинақ | | 10 000 дейін | 3%, бірақ, 500 кем емес | | 10 000 - 50 000 дейін | 10 000 асатын 500+2,8% сомасынан | | 50 000 -100 000 дейін | 50 000 асатын 1500+2,5% сомасынан | | 100 000 - 300 000 дейін | 100 000 асатын 3 000 + 2,3% сомасынан | | 300 000 - 500 000 дейін | 300 000 асатын 9 000 + 2% сомасынан | | 500 000 -1 000 000 дейін | 500 000 асатын15 000 + 1,8% сомасынан | | 1 000 000 - 5 000 000 дейін | 1 000 000 асатын 30 000 + 1,5% сомасынан | | 5 000 000 -10 000 000 дейін | 5 000 000 асатын 90 000 + 1% сомасынан | | 10 000 000 және оданда асатын | 10 000 000 асатын 105 000 + 0,5% сомасынан |
Тек ерекше жағдайларда ҚР СӨП Президентімен және Халықаралық төрелік соттың Төрағасымен төрелік жинақ бөлініп төленуі мүмкін, бірақ алғашқы жарна төлемі 50% кем болмайтындай соманы құрауға тиіс. Сіз қызығушылық тудырған жағдайда, мынадай байланыс ақпаратын ұсынамыз: ҚР СӨП жанындағы Халықаралық төрелік соттың мекенжайы: 050000, Алматы, Масанчи к-сі, 26телефон: (727) 2927831факс: (727) 2507029е-mail:
Этот e-mail защищен от спам-ботов. Для его просмотра в вашем браузере должна быть включена поддержка Java-script
|
|
|
|