|
Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасы 2009 жылғы желтоқсанда өзінің 50-жылдығын атап өтеді. Бұл «Сауда-өнеркәсіп палаталары туралы» Қазақстан Республикасының арнайы Заңы бойынша өзінің қызметін жүзеге асыратын жалғыз ғана үкіметтік емес ұйым. Біз Қазақстанның барлық аймақтарында 16 аумақтық СӨП арқылы ұсынылдық. Біз бизнестің мүддесін қорғау бойынша республикалық және сыртқы сауда саласындағы құзыретті ұйымбыз. ҚР СӨП 72 елдің сауда палаталарымен ақпарат алмасу саласында ынтымақтастық туралы келісім-шарттарға қол қойды, 4 мемлекетте ҚР СӨП өкілдіктерін ашты. Шетел палаталарымен келісілген шарттар шеңберінде іскери ақпарат алмасу жүзеге асырылуда, сауда-экономикалық миссияларды, көрмелер тұсаукесерлерін өткізу ұйымдастырылады. СӨП сараптамалық кеңестерді және дөңгелек үстелдерді бизнес-қоғамдастықтар, үкімет, шетел серіктестіктері және потенциалдық инвесторлар шеңберінде ұйымдастырады, онда ұлттық экономиканың дамуына әсер ететін және көп жақты іскери қатынастарды құру бойынша өзекті мәселелер көтеріледі. Сауда-өнеркәсіп палатасындағы бизнес делегацияның құрамында шетел нарығының болуы, бизнестің дамуында сыналған және экономикалық тиімді әдіс болып есептеледі. СӨП тәжірибелі мамандарымен ұйымдастырылған, кәсіби жоспарланған және басқарылатын іскери сапар, бірнеше рет өз еркімен ұйымдастырылған сапарларға қарағанда, бір жолғы сапарда анағұрлым үлкен нәтижеге жете алады. Бұдан басқа, СӨП еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың шетелдерге мемлекеттік іссапарлар шеңберіндегі форумдарға қатысуы үшін делегацияларды ұйымдастырады, бұл сөзсіз сіздің компанияңыздың мәртебесін шетел серіктестері алдында көтереді. Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының серіктесі мәртебесін алу ұсынылады. Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының серіктесі болу үшін, міндетті түрде сауалнаманы толтыру керек. Сауалнамаға қарап, оның нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығы Сіздің ұйымыңызбен бірлесіп, серіктестік келісім-шартқа қол қою жолымен екі жақты ынтымақтастық жағдайын және тәртібін анықтайды. Серіктестер палаталардың төмендегідей қызмет түрлерімен, бекітілген жеңілдіктерді пайдалана отырып, қолданады: - Құқықты және заңды мүдделерін Қазақстанда және шетелде қорғау; - Бірлескен қызмет үшін, инвестицияларды тартуға арналған серіктестер іздеу; - Өнім және сайттағы қызмет туралы ақпаратты кезеңдік баспаларда және ҚР СӨП анықтамаларында орналастыру; - ҚР СӨП өткізілетін барлық шараларға, Іскери кеңестерге, миссияларға, конференцияларға, форумдарға, семинарларға, курстарға, көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысу; - Ұсыным хаттарды, әртүрлі анықтамаларды, куәліктерді, аудармаларды, сыртқы нарықта операцияларды жүргізу барысында сыртқы саудалық құжаттарды беру; - Аралық дауларды қарастыру, залалды өтеу бойынша айыпты жаққа талап қою үшін тауарларды экспорттау/импорттау бойынша сараптамалық-бағалау жұмысын жүргізу; - Сыртқы сауда байланыстарында СӨП басқа да потенциалды мүмкіндіктерін қолдану. Серіктестік және мүшелік мәселелері бойынша ҚР СӨП қоғамдық байланыстар және серіктестік қатынастарды дамыту бойынша Департаментке, мына телефондар бойынша хабарласыңыз: 2777-050, 2777-005 немесе e-mail:
Этот e-mail защищен от спам-ботов. Для его просмотра в вашем браузере должна быть включена поддержка Java-script
бойынша
|